Created: 17 Қазан 2024
28

ТҮНГІ ҚАЛАДАҒЫ БАЛА

Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында қыркүйек айында күнделікті Арал көпсалалы колледж қызметкерлері аудандық полиция бөлімінің өкілдерімен бірлесіп, көңіл көтеретін орындарға, кафелерге, жастар көп шоғырланатын жерлерге кешкі және түнгі уақытта «Түнгі қаладағы балалар» рейдіне шығып, кәмелетке толмаған студенттердің беймезгід жүрмеуін бақылауда.

Шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу және жолын кесу, балалар және жасөспірімдердің заңды өкілдерінсіз түнгі уақытта тұрғын үйден тыс орындарда болу фактілерін анықтау. Түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Алдағы уақытта осындай іс-шаралар өз жалғасын табатын болады.