Created: 17 Қазан 2024
33

Еңбек күніне арналған дебат турнирі: Студенттердің жетістіктері мен пікірлері

📚Арал көпсалалы колледжінде 27 қыркүйек күні Қазақстан Республикасындағы Еңбек күніне арналған колледж студенттері арасында «Менің жетістігім - менің нәтижем» тақырыбында дебат турнирі өткізілді. Ойында сөз жарыстыра отырып, қарсыласқа ұтымды жауап қайтару, өз идеяңды қорғап шығу – үлкен шеберлік.

🔰Турнирде колледждің "Ұшқыр ой" дебаттық клубының мүшелері жастар арасында еңбек етуге деген ынталарын, жалқаулық пен еңбекқорлықтың айырмашылығын, еңбек ету арқылы жоғары жетістіктерге жетіп, нәтижесінде жақсы азамат болып қалыптасуға болатыны жайында өрбіген тұщымды ой – пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын жеткізді.

🔰Сайыстың мақсаты - студенттердің сыни ойлау тұрғысынан дамуына, өз пікірін нақты жеткізуге, тұжырымды дәлелдер келтіре білуге үйрету болып табылады.