🔰 «Біртұтас тәрбие бағдарламасының» жылдық жоспарына сәйкес Арал көпсалалы колледжінде «Қатты тәртіп көрсе бала күнінде...» тақырыбында колледж студенттерінің құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесу өткізілді.
🔰Кездесу барысында аудандық прокуратураның прокуроры Нұртазаев Нұрсұлтан Нұрлыбекұлы студенттерге құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын түсіндіріп, топтық төбелес, буллинг, зорлық-зомбылық және басқа да жат әрекеттерден аулақ болуға шақырып, заң бұзушылықтың соңы жаза екенін айтты.
🔰Арал ауданының полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің Ювеналды полиция тобының аға инспекторы, полиция майоры Сермағамбетова Алма Аманкелдіқызы мен учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Омаров Тұрар Сабитовичтер беймезгіл уақытта жүрмей, тәртіп сақтап жүру бойынша өз пікірлерін ортаға салды.
🔰Колледж түлектері «Береке – Құрылыс монтаж» ЖШС – ның директоры Ермағамбетов Адилхан мен «Азаматтарға арналған үкімет "МК" КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы Арал аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің (АХАТ) басшысы Абибуллаева Жанар Шапатжанқызы білім алушыларға ұстаздар мен ата-аналарының айтқандарын орындап, тәртіпті болып, жақсы оқып, жақсы маман иесі болуларына тілектестіктерін білдірді. Кездесуді колледж директоры Әбішов Нұралы Қалиұлы қорытындылады.
https://aral-akk.edu.kz/kz/2019-02-15-12-26-50/2019-02-15-12-27-42/464-2024-10-17-09-58-09#sigFreeId219e7ccd2e