Created: 17 Қазан 2024
36

КӘСІБИ БАҒДАР — БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ

🔰КӘСІБИ БАҒДАР — БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ🔰
Бүгін №177 орта мектебінде "Кәсіби бағдар — болашаққа бастар жол" тақырыбында мамандық таңдау кеші өткізілді.

📌Мақсаты: Оқушыларды еңбек және кәсіптер әлемімен таныстыру, кәсіби дамудың мүдделері мен бағыттарын қалыптастыру.

📌Қатысушылар: Арал көпсалалы колледж мамандары, «Аяла тәттілері» кондитерлік цехының меңгерушісі, мектеп мейірбикесі, 9-11 - сынып оқушылары.

📌Шара жоспары:

  • Кәсіби ақпараттандыру
  • Арнаулы орта оқу орны мамандарының кеңесі
  • Кәсіп иелерімен сұхбат

Мамандық таңдау — әр адам өміріндегі маңызды шешімдердің бірі. Әсіресе жоғары сынып оқушылары үшін маңызды қадам. Бағытын айқындаған соң одан әрі үздіксіз даму да өзекті. Шара барысында осы мәселелер бойынша оқушыларға колледжімізден Ж. Уримбаев, З. Тажибаева, Н. Ожанов колледждегі мамандықтары жайында кеңінен түсіндіріліп, видеоролик көрсетіліп, ақпараттық көмек көрсетілді.