Created: 17 Қазан 2024
41

Арал көпсалалы колледжінде «Отбасым – менің мерейім» тақырыбында психологиялық тренинг өтті

🔰Арал көпсалалы колледжінде 13.09.2024 ж. 29 оқу тобы жетекшісі Г. Жансүгірованың ұйымдастыруымен білім алушыларға отбасындағы ұлттық құндылықтардың маңызын дәріптеу, отбасының бірлігін сақтап, ата-ананың алдындағы парызын өтеуге, жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында «Отбасым – менің мерейім» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.

🔰Тренингті колледж психолог-педагогы Ф. Үсенова сергіту жаттығуымен бастап, білім алушыларымызға жағымды ахуал туғызды. Отбасында берілетін құндылықтар мен оның мәні ашып айтылып, халқымыздың мақтан тұтар ұлттық құндылықтары мен өнері кеңінен дәріптелді. Білім алушылардың отбасындағы ролі мен отбасындағы іс-әрекеттері «Өзіңді сына» ойыны арқылы айқындалып, Әлімжанов Мереке «Өнегелі ұл» деп танылды.

🔰Мұнан кейін білім алушылар «Отбасымдағы салт-дәстүрлер», «Отбасымдағы тыйым сөздер», «Отбасымдағы үлгі, өнеге» тақырыптары бойынша ассоциация құрып, постер қорғады, ұлттық құндылықтарымыздың тәрбиелік мәнімен бөлісті. Мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, қоғамымызда ұмытылып бара жатқан әдет-ғұрыптар, олардың халқымыздың ауызбіршілігі мен бауырмалдылығы, қонақжайлылығы мен өнегелігін көрсететін бірден-бір асыл мұрамыз екендігі кеңінен насихатталды.