🔰Арал көпсалалы колледжінде 25 қазан - Республика күніне орай “Менің елім - Қазақстан!” тақырыбында тарих пәнінің мұғалімі Айгул Қожамсүгірованың ұйымдастыруымен салтанатты іс-шара өткізілді.
🔰Іс-шараның мақсаты: студенттерді өз Отанын сүюге, туған еліне, тіліне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Салтанатты іс-шара барысында студенттер «Бес Арыс» туралы көрініс көрсетіліп,патриоттық ән айтылып, флешмоб биледі.Қазақтың күйлері күмбірледі.
Арал көпсалалы колледж директоры Н.Әбішов Республикамыздың тәуелсіздігі туралы айта келіп, ұжымды мерекемен құттықтады.Осы мерекеге орай ұжым қызметкерлерді Р.Жаймақова,А.Баймбетова, Н.Сарбөпеев облыстық басқарма басшысының Құрмет грамотасымен марапатталса,колледж әкімшілігі марапатымен М.Жарбосынова,Т.Отаралиев, М.Аралбекқызы ,А.Ізбасханов,А.Нұрмағанбетов,Б.Махамбетова,М.Қаюпов, Д.Жұмаевалар аталып өтті.
🔰Осы мерекеге тұспа тұс,әріптесіміз Г.Абишеваның 55 жасы кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен аталып өтіліп,сый-сыяпат көрсетілді.
🔰Іс-шара соңында колледж жастары «Атамекен» әнін хормен орындап аяқтады.
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік!