⚜️Бірінші күні апталықтың ашылуы және қазақтың атақты ақыны, жалынды жазушысы, дарынды драматург, білікті ұстаз, мемлекеттік қайраткері, Қазақстанның қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі С.Сейфуллиннің туғанына 130 жыл толуына орай «Қазақ әдебиетінің Ақсұңқары» атты әдеби кеш өтті.
⚜️Кешті қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы А.Байтуреева ұйымдастырды. Апталықты директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Б.Айдилдаев ашып берді.
⚜️Апталық барысында колледж студенттерінің «Үш би» көрінісі арқылы қазақ тілінің мәртебесі туралы жеткізді. Әдеби кеш барысында С.Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы бейнебаян арқылы таныстырылып, өлеңдері оқылды.
⚜️«Көкшетау» поэмасының шығу тарихына тоқталып, үзінді оқылды.
Пән оқытушысы А.Байтурееваның орындауында С.Сейфуллиннің «Тау ішінде» әні орындалды. Кеш соңында колледж әдіскері А.Баймбетова қорытындылап, сәттілік тіледі.