Арал аудандық жастар ресурстық орталығының қызметкері Айдос Маратовтың ұйымдастыруымен, Арал көпсалалы колледжінің экономика пәнінің оқытушысы Мереке Аралбекқызы студенттерімен қаламыздағы «Aral Sea Food» балық зауытына саяхат жасады.
🔍 Студенттерге зауыт жұмысының барысын шебер Бодықова Азылзат таныстырып, зауыттың жылына 4 мың тонна өнім өндіретін қуаты бар екенін атап өтті. Бұл өнімдер еліміздің түкпір-түкпіріне және ТМД елдеріне экспортталады. Зауытта балықты өңдеу үшін заманауи құрал-жабдықтар мен қатыру құрылғылары орнатылған.
🌍 Студенттер Германия, Дания сияқты елдерге экспортталатын көксерке балығын өңдеу тәсілімен танысып, өз сұрақтарына жауап алды.