⚜️22 қазан күні колледж әдіскері А.Баймбетова және кітапханашы Б.Махамбетованың ұйымдастыруымен «BOOK TIME - 2024» арнайы пән педагогтары мен өндірістік оқу шеберлері арасында танымдық сайыс өткізілді.
📚Сайыс «Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында, балаларды пән арқылы кітап оқуға қызықтыру мақсатыда өткізілді.
✅ «BOOK TIME - 2024» танымдық сайысының бағдарламасы:
- Шара барысында қатысушылар бір көркем әдебиетті таңдап алу (Ролик, өлең, қара сөз/шеберлігі , импровизациясы, жаңа идеясы, мазмұндылығы, креативтілігі)
- I кезең. «Білім көзі - кітапта». Оқылған кітап аясында қойылатын сұрақтарға жауап беру.
- II кезең. «Мақал – сөздің мәйегі». Оқылған кітаптың мазмұнында немесе мағынасында мақалдардың жалғасын табу.
- III кезең. «Көңілді тапқырлар». Бұл кезеңде әр қатысушы өзіне берілген әріптен ғана басталатын сөздермен сұрақтарға жауап беру.
- IV кезең. Оқылған кітап аясында оқиғалар желісінен үзінді оқу.
- V кезең. «Өзіңді тексер» тренинг – ойыны. Қатысушылар оқылған кітап аясында сөзжұмбақ құрастыру.
⚜️Сайысқа арнайы пән оқытушылары: Аралбекқызы Мереке, Жылдыбаева Самал, Муканов Назарбай, өндірістік оқу шеберлері: Мыңжасаров Ерболат, Айкелова Гүлбану қатысты. Педагогтер өздері оқыған әдеби шығармаларымен көпшілік қауымды таныстырды:
- Аралбекқызы Мереке- Хэл Элрод, Дэвид Осборн «Магия утра»;
- Муканов Н.-Б.Соқпақбаев «Жекпе-жек» романы;
- Жылдыбаева С.-Ә.Қалмырзаұлы «Бозінген» аңызы;
- Мыңжасаров Е.-М.Әуезовтың «Қилы заман» повесі;
- Айкелова Г.-С.Жүнісовтың «Заманай мен Аманай» повесі.
Сайыс нәтижесінде І орынға арнайы пән оқытушысы Н.Муканов, ІІ орынды арнайы пән оқытушысы М.Аралбекқызы, ІІІ орынды арнайы пән оқытушысы С.Жылдыбаева иеленді. Өндірістік оқу шеберлері Айкелова Г. және Мыңжасаров Е. Алғыс хаттармен марапатталды.
📌Іс – шараның соңында барлық «қатысушы кітаптар» сөреге қойылып, көпшілікке олармен жақын танысу мүмкіндігі берілді.