Created: 12 Қараша 2024
28

30 қазан күні «Тіл-татулық тірегі» апталығы аясында колледж кітапханасында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Матниязова Гульнар апай орыс ақыны

30 қазан күні «Тіл-татулық тірегі» апталығы аясында колледж кітапханасында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Матниязова Гульнар апай орыс ақыны, драматург, суретші, прозаик М.Ю.Лермонтовтың туғанына 210 жыл толуына орай «Блестящая звезда» атты әдеби кеш өткізді.

Кеш И.В. Гете — М.Ю. Лермонтовтан аударылған Абай Құнанбаевтың «Қараңғы түнде тау қалқып» әнімен басталды. Кеш 3 бөлімнен тұрды:

  1. М.Ю.Лермонтовтың өмірі мен шығармашылығы туралы студенттер түсінік беріп, колледж әдіскері А.Баймбетова «Смерть поэта» өлеңін оқыды. Сол жоғарыда берілген мәліметтер негізінде «Лермонтовская дуэль» ойыны ұйымдастырылып, студенттер өмірі мен шығармашылығы туралы сұрақтарға жауап беріп жарысты.
  2. Ақынның шығармашылығы:
    • «И скучно и грустно»
    • «Парус»
    • «Утес»
    • «На севере диком»
    Өлеңдерін студенттер, «Бородино» өлеңін колледж кітапханашысы Б.Махамбетова, «Родина» өлеңін Г.Матниязова оқыды.
  3. «Собери слово» ойыны. Ақын шығармаларының атауын тауып құрастыру.

Кеш соңында ақынның шығармаларына баға берген ұлы ақын, жазушылар, сыншылардың портретінен кім екені анықталып, пікірлерімен таныстырылды.

Кеш өте тартымды, қызықты өтті.