Created: 12 Қараша 2024
28

31 қазан күні «Тіл-татулық тірегі» апталығы аясында колледж кітапханасында шет тілі пәнінің оқытушысы Алдасбергенова Ұлтуған «Smart Student» атты интеллектуалдық сайыс түрінде өткізді.

Сайыс төрт кезеңнен тұрды:

  • ♻️1 кезең “Do you know?”
  • ♻️2 кезең “Strew”
  • ♻️3 кезең “Polyglot”
  • ♻️4 кезең “New words”

❇️1 кезеңде қатысушыларға әр түрлі сұрақтар қойылып, студенттер білімдерін, шапшандықтарын көрсетті.

❇️2 кезеңде студенттер интерактивтік тақта арқылы орыны ауысқан сөздерден дұрыс сөйлемдер жасап, өз деңгейлерінде тапсырмаларды орындады.

❇️3 кезеңде студенттер мақал-мәтелдерді жалғастыру арқылы сөздердің аудармаларын үш тілде айтты.

❇️4 кезеңде студенттер берілген сөздердің әріптерінен жаңа сөздер тауып, аудармаларын айтты.

Сонымен қатар студенттер және көрермендер арасында интерактивті тақтамен ойындар ойнатылылып, сыйлықтар берілді.

Сайыс соңында студенттердің ұпайлары есептеліп, ең жоғары ұпай жинаған топтар анықталды:

  • 🥇I орын №36 топ студенттеріне,
  • 🥈II орын №37 топ студенттеріне,
  • 🥉III орын №38 топ студенттеріне бұйырды.

Сайыс өте қызықты өтті. Студенттер сайыста өте белсенді болды.