📚Арал көпсалалы колледжінде «Тіл – татулық тірегі» атты апталықтың қорытынды кеші болып өтті. Тілдің адам өміріндегі, маман қызметіндегі, қоғамдағы экономикалық, әлеуметтік, мәдени салалардағы қажеттілік кезіндегі орны, маңызы жайлы пікірлер айтылды.
⚜️Студенттердің бойында ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілікті дамыту мақсатында қазақтың қара домбырасымен дене тәрбиесі пәні оқытушысы А. Нұрмағанбетовтың орындауында әндер орындалды.
⚜️Білім алушылардың білімін, шапшаңдығын, ептілігін анықтайтын лингвистикалық ойындар ойнатылды. Ақындардың тіл туралы өлең шумақтары тыңдалып, студенттер мен оқытушылардың апта бойы жасаған еңбектері сараланып, мықтылар марапатталды.