📚Арал көпсалалы колледжінің экономика пәнінің мұғалімі Аралбекқызы Мереке мен Арал аудандық Жастар ресурстық орталығының маманы Маратов Айдостың ұйымдастыруымен «Жас кәсіпкер» жобасы мен “Экономиканың базалық білімін және кәсіпкерлік негіздерін қолдану“ модулі аясында кездесу болып өтті.
✨ Кездесу барысында «Сырғалым» сән үйінің иесі Тұрсын Сарықұлқызы Жанибекова (ұлттық ұзату киімдерін шығаратын кәсіпкер, LUNEVIL кестесімен) және PURO GUSTO тамақтану орталығының негізін қалаушы Бекзат Жанғазиев студенттерге кәсіп ашу жолындағы өз тәжірибелері мен құнды кеңестерін жеткізді. Олар бизнеске қалай қадам басқанын баяндап, кәсіпкерлік жолындағы кедергілерді қалай еңсергенін және табысқа жету жолындағы негізгі қағидаларды ашық айтты. Студенттер бұл оқиғалардан шабыт алып, алдағы жоспарларына серпін алды.
♻️ Шара мақсаты студенттерге болашақ мамандығына бағыт-бағдар беру, белгілі бір еңбек, кәсіби іс-әрекет саласына еніп, нақты көзқарас қалыптастыруына жағдай жасау болды.
♻️Кездесу барысында жас кәсіпкерлер өздері туралы қысқаша әңгімелеп, жетістікке жету жолдарымен бөлісті. Кәсіптің көзін тауып, кез-келген бастаманы сәтті жолға қоюдың тетіктерін айтып берді. Сонымен қатар, бірнеше сауалдарға жауап беріп, бастарынан өткен қызықты оқиғаларын ортаға салды.
⚜️Мазмұнды әрі қызықты өткен кездесу соңында қонақтарға Арал көпсалалы колледж директорының Алғыс хаты мен естелік сыйлықтар табысталды.