Created: 03 Желтоқсан 2024
29

«Механика тереңінен - болашақ биігіне» атты онкүндігі аясында өндірістік оқу шебері Каленов Қыдырбай «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету ,жөндеу түрлері және мерзімділігі» тақырыбында байқау өткізді.

27. 11. 2024ж. «Механика тереңінен - болашақ биігіне» атты онкүндігі аясында өндірістік оқу шебері Каленов Қыдырбай «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету ,жөндеу түрлері және мерзімділігі» тақырыбында байқау өткізді.
Байқаудың мақсаты:
• кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру;
• болашақ мамандықтың мәні мен әлеуметтік маңыздылығын түсіну, тұрақты қызығушылық таныту;
• командада жұмыс істеу, әріптестермен, клиенттермен тиімді қарым - қатынас жасау;
• еңбек қорғау және экологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып өз қызметін ұйымдастыру;
Байқауға №30 - топ, №38 - топ №32 - топ, №39 - топ, «Автомобиль жөндеу слесарі» «Автомобиль электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі электрик» мамандықтары бойынша оқу топтары студенттері қатысты.
Байқау «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша автомобильдерді жөндеу шеберханасы және оқу жаттығу алаңында болды.
Тапсырмалар :
1. «Opel Vectra» көлігіне техникалық күтім бойынша дөңгелекті туралау (развал схождение)
2. ВАЗ - 2107 көлігінің салқындату жүиесіне маусымдық тех - күтім жасау
3. ВАЗ - 2171 көлігіне күнделікті техникалық күтім жасау
Байқау барысында орындалған жұмыстар:
автомобильді, оның агрегаттары мен жүйелерін диагностикалау;
әр түрлі техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындау;
автомобиль еденнен жоғары көтергішке орната көтеріп дөңгелекті туралау (развал схождение);
техникалық қызмет көрсету бойынша есептік құжаттаманы ресімдеу;
Көлік құрылғыларын пайдалану кезінде пайда болатын ұсақ ақауларды жою;
белгіленген нысандағы тех картамен жұмыс істеу.