25. 11 - 06. 12. 2024 ж. аралығында «Механика тереңінен - болашақ биігіне» атты « Ауыл шаруашылығы техникалары мен автомобиль көлігіне қызмет көрсету , жөндеу және пайдалану » пәндер бірлестігінің ұйымдастыруымен он күндік басталды.
Бұл іс - шара - студенттердің кәсіби даярлық сапасын тексерудің, кәсіптік білім беру ұйымдарында автослесарь, ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқу барысында алған білімдері мен тәжірибелік дағдыларын тексерудің тиімді нысандарының бірі.
Мақсаты: мамандық бойынша білімін кеңейту және тереңдету, оған тұрақты қызығушылықты сақтау, білім мен кәсіби дағдыларды тәжірибеде және өмірде қолдануға машықтандыру.
25. 11 күні онкүндіктің ашылу салтанаты болды. Шараны директордың оқу - өндірістік жүмыстары жөніндегі орынбасары О.Макашев ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Бірлестік жетекшісі Мыңжасаров Ерболат жоспарымен таныстырды.
Бірінші күні « Механиктер» сайысы болып өтті Бұл шарада студентерді екі топқа бөлініп:
1 топ «Автомеханиктер».
2 топ «Ауылшаруашылығы мамандары».
Сайыс 2 турдан тұрды:
1.Тур:
І. Жол белгілерін білесіз бе? (сұрақ - жауап)
ІІ.Ойлан тап?
Студенттер жасырын тұрған автобөлшектердің суреттерін таңдайды, сол бөлшектердің құрылысы және жұмыс жасау приніпін таныстырады. Дұрыс жауабы 5 балмен бағаланады.
ІІІ. 1. Постер қорғау “Болашақтың автокөлігі қандай болсын?”
2. Логикалық сұрақтар. Экранда тәттілер көрсетілген, студенттер сол тәттілерді таңдау арқылы жасырынған сұрақтарға жауап береді.
2. Тур:
1. Техникалық викторина
2. «Блефклуб»
3. «Эрудит»
4. «Акустик»
Сайыс өте қызықты өтіп , студенттер жоғары белсенділікпен қатысып отырды. Залдағы көрермендерге де сұрақтар жасырылып, сыйлықтармен марапатталды. Сайыс нәтижесі бойынша автомеханиктер алға суырылып шықты.Сайысты арнайы пән оқытушылары Бекмабетова Д. және Унайбекова А. жүргізді.