Created: 03 Желтоқсан 2024
75

«Механика тереңінен-болашақ биігіне»

«Механика тереңінен-болашақ биігіне» атты он күндігі аясында өндірістік оқу шебері Отаралиев Темір «Автокөліктердің электр құрылғыларын жөндеу автоэлектрик» тақырыбында байқау өткізді.

Байқаудың мақсаты:

* кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру;

* болашақ мамандықтың мәні мен әлеуметтік маңыздылығын түсіну, тұрақты қызығушылық таныту;

* жұмыс басында қолданылатын жабдықтарды,құралдарды,саймандарды,

өлшеу бақылау және басқа құрылғыларды жұмысқа даярлау,тексеру;

*көрсетілген еңбек әрекеттері мен тәсілдерін тәжірибелі әріптесіңнің бақылауымен орындауға жаттығу;

* еңбек қорғау және экологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып өз қызметін ұйымдастыру;

Байқауға №30-топ, №37-топ №32-топ, №39-топ, «Автомобиль жөндеу слесарі» «Автомобиль электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі электрик» мамандықтары бойынша оқу топтары студенттері қатысты.

Байқау «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша автомобильдерді жөндеу шеберханасы және оқу жаттығу алаңында болды.

Тапсырмалар :

1. «ЕВ-220» генератор мен статорды сынау құрылғысында жұмыс жасау және жөндеу.

2.ВАЗ-2107 көлігінің акуммуляторының тығыздығын жаздықтан қыс мезгіліне ауыстыру тех-күтім жасау

3. ВАЗ-2171 көлінеLAUNCH X-431Pro v.5 автосканердің (планшетпен) диагностика жасау

Байқау барысында орындалған жұмыстар:

ВАЗ-2171 көлігіне LAUNCH X-431Pro v.5 автосканердің (планшетпен) диагностика жасау;

Акуммуляторге жазғы тығыздығын алып ,қысқы тығыздықты құю (1,29) Ареометрмен сыйымдылықты тексеру (қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып ) бойынша жұмыстарды орындау;

Сымның зақымдалуын анықт ау,айнымалы кернеуді өлшеу,конденсаторлардың сыйымдылығын өлшеу,тұрақты кернеуді өлшеу,айнымалы ток күшін өлшеу.

Техникалық қызмет көрсету бойынша есептік құжаттаманы ресімдеу;

Көлік құрылғыларын пайдалану кезінде пайда болатын ұсақ ақауларды жою;

Белгіленген нысандағы тех картамен жұмыс іс.