Created: 07 Қазан 2025
21

Өндірістегі 1 күн – болашақ мамандар үшін тәжірибе мектебі

Арал көпсалалы колледжінің "Электр жабдықтары" мамандығында білім алып жатқан студенттер Арал аудандық электр тарату торабы мекемесінде "Өндірістегі 1 күн" жобасы аясында тәжірибе жинақтады.


Бұл шараның мақсаты – студенттерді нақты өндіріс орнымен таныстырып, болашақ мамандығын тереңірек түсінуге жол ашу.
Студенттер электр энергиясын тарату, техникалық ақауларды анықтау мен жою, қауіпсіздік техникасы сияқты маңызды бағыттармен танысып, білікті мамандардың жұмысын көзбен көрді.


Олардың арасында осы мекемеде жұмыс істеп жүрген колледж түлегі, қосалқы станция шебері Сағынғанов Данабек өз тәжірибесімен бөлісіп, студенттерге кәсіби бағыт-бағдар берді.


Мұндай күндер – тек оқу емес, болашаққа деген сенімділік пен ынта сыйлайды.


Колледжде алынған теориялық білімнің өндірісте қалай қолданылатынын көру – студенттер үшін үлкен мотивация.
Бұл – кәсіби өсудің алғашқы баспалдағы!