Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгінде ТжКБ жүйесі – тек білім беру сатысы ғана емес, ел болашағын айқындайтын даму алаңы, жаңашылдық пен іскерліктің мектебі. Бұл жүйе – ұстаздар мен студенттерді, жұмыс берушілерді біріктіріп, еңбек нарығына қажетті бәсекеге қабілетті мамандарды тәрбиелейтін үлкен орта.
Сіздердің кәсібиліктеріңіз бен адал еңбектеріңіздің арқасында жұмысшы мамандығының беделі артып, жастардың техникалық және кәсіптік білімге деген сенімі мен қызығушылығы күннен-күнге өсіп келеді.
Осы айтулы күні әрқайсыңызға зор денсаулық, сарқылмас шабыт, жаңа жетістіктер тілеймін. Еңбектеріңіздің жемісі ел ертеңіне қызмет етіп, шәкірттердің алғысы мен қоғамның құрметі сіздерге әрдайым серік болсын!
Мерекелеріңіз құтты болсын, қадірлі ұстаздар!
Құрметпен,
Арал көпсалалы колледж директоры
Нұралы Қалиұлы Әбішов
https://aral-akk.edu.kz/kz/2019-02-15-12-26-50/2019-02-15-12-27-42/488-rmetti-riptester#sigFreeId4218fd2e63

