Created: 07 Қазан 2025
36

2 Қазан – Техникалық және кәсіптік білім беру қызметкерлерінің күні

2 Қазан – Техникалық және кәсіптік білім беру қызметкерлерінің күніне орай Еліміздің болашағын қалыптастыратын, білікті маман даярлауға үлес қосатын сала өкілдеріне алғыс білдіреміз.


«Кәсіп — менің тағдырым» бейнежобасы – жұмысшы мамандықтарының маңыздылығы мен құндылығын кеңінен насихаттауға бағытталған.


Арал көпсалалы колледжінің «Жеміс-көкөніс шаруашылығы» мамандығы бойынша білім алып жатқан болашақ маман бұл саланың елдің азық-түлік қауіпсіздігі мен халық денсаулығын жақсартудағы рөлін көрсетеді.


Мамандық өсімдіктерді өсіру, топырақ өңдеу, тыңайту, суару , зиянкестермен күресу , өнімді жинау мен сақтау сынды барлық технологиялық процестерді қамтиды. Сонымен қатар, өнімдерді өңдеу , консервілеу және жеткізу тәсілдері де меңгеріледі.


Жеміс-жидек — дәрумендерге бай табиғи өнім. Оларды сапалы өндіру — экономика мен экология үшін де маңызды.


Техникалық және кәсіптік білім – еліміздің дамуының кепілі, ал кәсіби мамандар – жарқын болашақтың іргетасы. Бірге өркендейік!