Жұмысшы мамандықтары жылы шеңберінде «Кәсіби мерекелердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 258 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2025 жылғы 30 шiлдедегi № 232 бұйрығымен 2 қазан - Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жұмыскерлері күні деп белгіленіп, республикамыздағы кәсіби мерекелер тізбесіне енгізілді.
Осыған байланысты, ағымдағы жылы елімізде бірінші рет аталып өтетін төл мерекемізді барлық өңірлерде ұйымдастыру мақсатында «2 қазан - Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күні» кәсіби мерекесін 23 қыркүйек пен 2 қазан аралығында атап өту тұжырымдамасы бекітілді. Осы мерекелік іс шараны Арал Көпсалалы Колледжінде аталып өтті , аталған шараға қонақ болып қатысып өз атымнан колледж ұжымын және халықаралық қарттар күні мен қатар келген мекеремен колледж зейнеткерлерінде құттықтадым. Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу жолындағы еңбектеріңізге табыс, шығармашылық жетістіктер, саламатты денсаулық және білім мен ғылымды игеруде ілгері ізденісте болуларыңызды тілеймін.
https://aral-akk.edu.kz/kz/2019-02-15-12-26-50/2019-02-15-12-27-42/490-k-sibi-merekelerdi-tizbesin-bekitu-turaly#sigFreeId5836cddef9

