Колледжіміздің белсенді студенттері Абуов Мейрлан мен Амандықова Айсұлу «Білім алмасу» шеберлік-сыныбы аясында колледж қызметкерлеріне арналған танымдық сабақтар жүргізді.
Абуов Мейрлан
"Мобилография – смартфон арқылы суретке түсіру өнері мен техникасы" тақырыбында сабақ өткізіп, заманауи визуалды контент дайындау негіздерімен бөлісті.
Амандықова Айсұлу
"TikTok желісінің мұғалім үшін пайдасы" тақырыбында шеберлік сабағын өткізіп, TikTok платформасының білім беру саласындағы мүмкіндіктері мен тиімді қолдану жолдарын таныстырды.
Өткізілген сабақтар жоғары деңгейде өтіп, колледж ұжымының қызығушылығын тудырды. Тыңдаушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, ашық пікір алмасу орын алды.
Бұл іс-шара студенттер мен колледж қызметкерлері арасында өзара тәжірибе алмасуға нақты мүмкіндік жасады.
Жобаның мақсаты – білім мен дағдыны ортақ игілікке айналдыру, заманауи білім беру процесіне жаңаша көзқарас қалыптастыру.
Студенттер өз білімдерін бөлісе отырып, білім беру үдерісінің екіжақты екенін, яғни ұстаз да, шәкірт те бір-бірінен үйрене алатынын көрсетті. Бұл өзара сыйластықты нығайтып, ұрпақтар сабақтастығын тереңдететін маңызды бастама болды.
Мейрлан мен Айсұлуға шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер мен кәсіби өсу жолында сәттілік тілейміз!

