Created: 07 Қазан 2025
20

2-қазан — Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күні

«Шеберлік құпиялары» шеберлік-сыныбы
Арал көпсалалы колледжінде "Электр жабдықтары" мамандығы бойынша «Шеберлік құпиялары» жобасы аясында кәсіби бағдарға бағытталған шеберлік-сынып өткізілді.


#36 топтың студенті Әзілханов Мұстафа өндірістік оқыту шебері Ожанов Нұрдәуіттің жетекшілігімен
«Бір бөлмені электрмен жабдықтау: толық монтаждау үдерісі» тақырыбында шеберлік-сынып көрсетті.


Іс-шара барысында мектеп оқушыларына:
электр желілерін жобалау,
сымдарды дұрыс тарту,
ажыратқыштар мен розеткаларды орнату
сияқты нақты практикалық қадамдар көрсетілді.


Бұл шеберлік-сынып:
колледж студенттерінің кәсіби деңгейін көрсетті;
мектеп оқушыларына техникалық мамандықтарға деген қызығушылықты арттырды;
техникалық білімнің маңызын айқындап, ТжКББ жүйесінің беделін көтеруге ықпал етті.