Created: 22 Қазан 2025
27

10 қазан – Кәсіподақтар күні

10 қазан – Кәсіподақтар күніне орай колледжіміздің адал еңбек етіп, ұжым бірлігін, қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету жолында ерекше үлес қосып жүрген бірқатар қызметкерлері : Сахиев Т., Әбдрашитқызы М., Унайбекова А., Отаралиев Т., Ержанов М. алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

Марапат иелері – бұл кәсіподақ жұмысын жандандырып, білім ордасының дамуына өз үлесін қосып жүрген белсенді мамандар. Олар өз еңбектерімен ұжымға үлгі, жастарға – бағыт.

 

Барша марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз!
Еңбектеріңіз жана берсін, кәсіптік шеберлік пен ұйымшылдықтарыңыз ұжымымыздың игілігіне қызмет ете берсін!