Арал көпсалалы колледжінің арнаулы пән оқытушысы Д. Бекмамбетова, өндірістік оқу шебері Н. Сарбөпеев 1 курс студенттерімен “Еңбекпен өрілген өмір жолы” атты ардагер ұстазбен кездесу өткізді.
Шараға ардагер ұстаз Д. Тұрмашев қатысты.
Ардагер ұстаздың өмірінен алынған өнегелі әңгімелер мен кеңестер жастарды еңбекқорлыққа, ұстаздық мамандыққа құрметпен қарауға шақырды. Студенттер жылы лебіздерін білдіріп, ұстаз еңбегіне құрмет көрсетті.
https://aral-akk.edu.kz/kz/2019-02-15-12-26-50/2019-02-15-12-27-42/498-e-bekpen-rilgen-mir-zholy#sigFreeId85d1ce6d73

