Created: 11 Қараша 2025
24

Жасанды интеллект - цифрлық дәуірдің діңгегі

Бүгін Арал көпсалалы колледжінде «Жасанды интеллект - цифрлық дәуірдің діңгегі» тақырыбындағы апталық басталды.

Апталықтың мақсаты - студенттердің ойлау мәдениетін дамыту, цифрлық сауаттылығын арттыру, ғылыми ізденіс қабілетін қалыптастыру және жасанды интеллект дәуірінде адами құндылықтарды сақтау.

Апталық аясында жасанды интеллектпен жасалған видеолар көрсетілді, бұл студенттерге технологияның мүмкіндіктерін тәжірибеде көруге мүмкіндік берді.

Сондай-ақ, студенттер арасында «Жасанды интеллект: адамзат дамуының болашағы ма, әлде қауіп көзі ме?» тақырыбында дебат өтті.

Жақтаушы тарап жасанды интеллекттің өмірді жеңілдететін, ғылым мен технологияны дамытудағы пайдасын атап өтсе, қарсы тарап оның адам еңбегін алмастыруы және қауіп төндіруі мүмкін тұстарын талқылады.

Апталық барысында студенттер шеберлік сабақтар, практикалық тренингтер, танымдық кездесулер мен жобалар таныстырылымына қатысып, жасанды интеллект саласындағы жаңа мүмкіндіктерді меңгереді.

Бұл апталық студенттердің шығармашылық және технологиялық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ заманауи ғылым мен цифрлық дәуірдің мүмкіндіктерін тиімді пайдалануына үлес қосуына қадам болмақ.