Created: 12 Қараша 2025
27

Инновациялық бағыттағы тәжірибелік сабақ

Инновациялық бағыттағы тәжірибелік сабақ «Жасанды интеллект - цифрлық дәуірдің діңгегі» апталығының екінші күні инновациялық бағыттағы тәжірибелік сабаққа арналды. Колледжіміздің арнайы пән оқытушысы Мұқанов Назарбай «Жасанды интеллект арқылы дидактикалық материалдар дайындау» тақырыбында практикалық шеберлік сағатын өткізді. Сабақ барысында ол заманауи платформаларды пайдаланды: Gamma-AI, Fotor, Canva, Sluno AI, D-ID, Copilot, ttsmaker. Платформалармен жұмыс жасау барысында, оқу тапсырмаларын, бағалау құралдарын және интерактивті материалдарды қалай тиімді әрі креативті жасауға болатынын көрсетті. Математика пәнінің оқытушысы Махамбетрзаева М. қатысушыларды Deepseek платформасымен таныстырып, оны білім беру процесінде тиімді пайдаланудың артықшылықтарын көрсетті. Осындай инновациялық тәжірибелік сабақтар ұстаздардың цифрлық құзыреттілігін арттыруға, жаңа технологияларды тиімді қолдануға және оқу процесін жетілдіруге зор ықпал етеді. Қатысушылар бүгінгі сабақтан шығармашылық шабыт, жаңа идеялар және кәсіби өсу мотивациясын алды!