Created: 18 Қараша 2025
15

Ғылым және жасанды интеллект: болашаққа бірге қадам!

ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ:
БОЛАШАҚҚА БІРГЕ ҚАДАМ!
Бүгін колледжде жаратылыстану бағыты бойынша пәндер апталығы бастау алды. Апталықтың мақсаты-студенттердің жаратылыстану ғылымдарына қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту, заманауи ғылым мен технологияның қолданылуын көрсету, топтық және ынтымақтастық дағдыларын жетілдіру.
Апталықтың алғашқы күнінде физика және химия пәндері бойынша әсерлі тәжірибелер ұсынылып, студенттер ғылым әлеміне қызығушылықпен енді.
Физика пәні Паскаль заңын көрнекі түрде демонстрациялады: үрленген шарлардың үстіне парта қойылып, үстіне студенттер мінгеніне қарамастан шарлардың жарылмауы-қысымның біркелкі таралатынын дәлелдеп берді.
Химия пәні түрлі-түсті реакциялар мен ерекше тәжірибелер арқылы студенттердің қызығушылығын арттырып, химияның тылсым құбылыстарын көрсетті.
Математика пәні логикалық ойлау мен кеңістіктік түсінікті дамытуға бағытталған ойындар ұйымдастырып, студенттерге геометриялық фигураларды сәйкестендіру секілді қызықты тапсырмалар ұсынды.
Апталық осылайша әсерлі тәжірибелермен басталып, студенттерге жаңа білім, шабыт және ғылымға деген қызығушылық сыйлады.