Created: 18 Қараша 2025
22

Арал құрылысы

Арал көпсалалы колледжі «Арал құрылысы» ЖШС мекемесі құрылғалы бері тұрақты әлеуметтік серіктес болып келеді.
Студенттеріміз аталған кәсіпорында тәжірибеден өтіп, кәсіби дағдыларын нығайтады. Сонымен қатар 50 студентімізді жатақханамен қамтамасыз етіліп, жастардың білім алып, маман ретінде қалыптасуына қолайлы жағдай жасалуда.
«Арал құрылысы» ЖШС ұжымын 20 жылдық мерейтойларыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Арал көпсалалы колледжі үшін Сіз басқарып отырған мекеменің орны ерекше. «Арал құрылысы» ЖШС біздің колледжіміздің сенімді әлеуметтік серіктесі болып, сан жылғы тығыз ынтымақтастықты сақтап келесіздер. Студенттерімізге тәжірибеден өтуге мүмкіндік жасап, білімдерін өндірісте шыңдауға жағдай туғызып келесіз.
Білім мен өндіріске қосқан қомақты үлестеріңіз, жас мамандарды қолдаудағы еңбектеріңіз әрдайым зор құрметке лайық.
Сізге мықты денсаулық, жемісті еңбек, абырой мен береке тілейміз!
Мекемеңіздің мерейі өсіп, алдағы жылдары да талай биіктерді бағындыра беруіне тілектеспіз!