Created: 19 Қараша 2025
10

Білімді жетер мәреге

Бүгін Арал көпсалалы колледжінде «Ғылым және жасанды интеллект: болашаққа бірге қадам» жаратылыстану пәндері апталығы аясында физика пәнінің оқытушысы Г. Жансүгірованың ұйымдастыруымен бірінші курс білім алушылары арасында «Білімді жетер мәреге» атты топаралық спорттық іс-шара өтті.

Шараның мақсаты-білім алушылардың физика, химия, математика пәндеріне қызығушылығын арттыру, дене шынықтыру элементтері арқылы командалық рухты көтеру, шапшаңдық, логикалық ойлау, жауапкершілік және ұжыммен жұмыс жасау дағдыларын дамыту болды.

Іс-шара 5 кезеңнен тұрды:

1. Таныстыру кезеңі-топтар өз атауларын, ұрандарын және эмблемаларын таныстырды.

2. «Химиялық лабиринт»-қатысушылар допты жермен жүргізе отырып, химиялық тапсырмаларды шапшаң орындады.

3. «Математикалық марафон»-топтар кедергілерден өтіп, математикалық есептерді бірігіп шешті.

4. «Үздік топ басшысы»-топ басшылары жеке физика сұрақтарына жауап беру арқылы білімдерін көрсетті.

5. «Сөздік қорым»-қатысушылар жұптасып, арқамен жүріп, мәредегі әріптерден пәндік терминдер мен сөздер құрап жарысты.
Шара барысында жеке, жұптық және топтық жұмыстар орындалып, тапсырмаларды орындау жылдамдығы мен ойын ережелерін сақтау қабілеті сараланды. Жинаған ұпай нәтижесі бойынша жеңімпаз топтар анықталып, барлық қатысушылар тәтті сыйлықтармен марапатталды.