ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Қызылорда облыстық оқу орталығының (әдістемелік кабинет) ұйымдастыруымен, «Биологияны оқыту процесінде жаңа технологиялық әдістер және оларды тиімді пайдалану жолдары» шеберлік сыныбына әріптесіміз Темірбекқызы Гүлнұр қатысып,
«Жасанды интеллект биология сабақтарында: жаңа әдіс пен заманауи тәжірибе» тақырыбында өз іс-тәжірибесімен бөлісті.
Гүлнұр Темірбекқызы шеберлік сыныбындағы жоғары деңгейдегі жұмысы үшін арнайы сертификатқа ие болды!
Әріптесімізге алдағы уақытта да шығармашылық табыс, кәсіби өрлеу және жаңа жетістіктер тілейміз!
Created: 21 Қараша 2025
8

