Бүгін Арал көпсалалы колледжінде жаратылыстану пәндері апталығы аясында математика пәні оқытушысы М. Махамбетрзаева
«Көпжақ ұғымы. Призма және оның элементтері, призма түрлері. Призманың жазбасы, бүйір және толық бетінің аудандары» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты:
Көпжақ және призма туралы түсінік қалыптастыру;
Призма түрлерін (дұрыс, тік, көлбеу) ажырата білу;
Призманың бүйір және толық бетінің ауданын есептеу формулаларын меңгерту.
Сабақ барысында жасанды интеллект мүмкіндіктері кеңінен қолданылып, GeoGebra, Publuu платформалары арқылы материалдар көрнекі әрі қызықты форматта ұсынылды.
Сабақ мазмұны жүйелі ұйымдастырылып, қолданылған әдіс-тәсілдер студенттердің қызығушылығын арттырды. Олар белсенді қатысып, өз ойларын еркін жеткізуге мүмкіндік алды.
Тақырып нақты, түсінікті және заманауи тәсілдермен жетілдірілді.
Оқытушыға шығармашылық табыс, студенттерге білім жолында биік белестер тілейміз!

