Created: 26 Қараша 2025
9

«Ұлттық ойыннан өрбіген – отансүйгіштік»

Бүгін Арал көпсалалы колледжінде «Дене тәрбиесі және АӘТД» пәндер бірлестігінің «Ұлттық ойыннан өрбіген – отансүйгіштік» тақырыбындағы апталығы бастау алды. Апталықтың алғашқы күнінде дене тәрбиесі пәні оқытушысы Ғ. Жүсіпова студенттерге арналған «Шарик» ойынын ұйымдастырып «Көңілді үзіліс» өткізді.

Ойынның шарты:

Ойынға 2 ойыншыдан қатысады

ойыншылар он-оннан шарикті бөліп алады

берілген ұяшыққа дәл түсіруі қажет

Студенттер белсенділік танытып, көтеріңкі көңіл күйде болды. Ойын соңында қатысушыларға тәттілер үлестірілді.