Created: 28 Қараша 2025
18

Көңілді үзіліс

Арал көпсалалы колледжінде "Дене тәрбиесі және АӘТД" пәндер бірлестігінің “Ұлттық ойыннан өрбіген – отансүйгіштік” атты апталығы аясында дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы А. Ізбасқанов студенттер үшін көңілді үзіліс ұйымдастырды. Ойын барысында қатысушылар өз дәлдігін сынап, ерекше белсенділік танытып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Ойын шарты:

Әр ойыншы кезекпен 3 жебеден лақтырады;

Барлық лақтырған жебелерінің ұпайлары қосылады;

Ең жоғары ұпай жинаған қатысушы жеңімпаз болып анықталады.

Бұл шара студенттерге сергітуге, көңіл көтеруге және белсенділікті арттыруға бағытталған тамаша көңілді үзіліс болды!