Created: 28 Қараша 2025
34

Жетістік қоржыны

ЖЕТІСТІК ҚОРЖЫНЫ
"Жаңа Қазақстан" Республикалық инновациялық орталығы ұйымдастырған республикалық шығармашылық «Абай оқулары» байқауына колледжіміздің студенттері белсенді қатысып, тамаша нәтижелерге қол жеткізді.
Ұлы ақын, дана ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының шығармашылығын дәріптеу және ұлттық құндылықтарды ұрпақ санасына сіңіру мақсатында өткен байқауда:
Колледжіміздің студенті Намазқұл Гүлдана, жетекшісі қазақ тілі пәнінің оқытушысы Н. Саудинова,
Колледжіміздің студенті Қамбар Бақтұмар, жетекшісі арнайы пән оқытушысы З. Тажибаева  1-орынға ие болды! 
Біз жеңімпаздарды және олардың ұстаздарын шын жүректен құттықтаймыз! Оларға алдағы білім алу жолында жаңа жетістіктер мен шығармашылық табыстар тілейміз!