"Әдеби кейіпкерлермен бірге саяхаттаймыз" виртуалды кітап көрмесі
Арал көпсалалы колледжінде «Әдеби кейіпкерлермен бірге саяхаттаймыз» тақырыбында виртуалды кітап көрмесі өтті.
Мақсаты:
Қазақ және әлем әдебиетіндегі танымал кейіпкерлермен таныстыру;
Көркем әдеби шығармаларға деген қызығушылықты арттыру;
Студенттерді әдебиетті оқуға ынталандыру.
Виртуалды көрмеге колледж студенттері қатысып, түрлі көркем шығармаларды слайд арқылы таныстырды.
Көрмеде таныстырылған шығармалар:
Абай Құнанбайұлы-«Қара сөздері»
Сәкен Сейфуллин-«Көкшетау» поэмасы
Міржақып Дулатов-«Бақытсыз Жамал»
Мұқағали Мақатаев-«Дариға жүрек», «Ей, өмір»
Мұхтар Шаханов-«Жетінші түйсік»
Байқау қорытындысы:
І орын-№34 топ студенті Сақмұратова Айсұлу
ІІ орын-№27 топ студенті Сердалиева Гүлжанай
ІІІ орын-№42 топ студенті Намазқұл Гүлдана
Жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.
Created: 03 Желтоқсан 2025
45


