Created: 09 Желтоқсан 2025
20

«Еңбек – елдің ертеңі» тарих-география апталығының ашылуы

Апталықтың алғашқы күнінде әртүрлі мамандықтардың маңызы мен еңбекке деген құрметті арттыруға бағытталған мазмұнды бағдарламалар ұсынылды.

Мақсаты:

Апталықтың бағытын таныстыру 

Жұмысшы мамандықтарының маңызын насихаттау

Студенттердің қызығушылығын арттыру және еңбекке құрмет қалыптастыру

Тарих пен география пәндерінің маңызын танытып, дүниетанымды кеңейту

Апталықтың ашылу барысында көріністер қойылып, студенттер өз мамандықтарына сәйкес презентациялар дайындап, олардың шығу тарихы мен қоғамдағы маңызы туралы ақпараттармен бөлісті.

Әр топ өз саласының ерекшелігін мазмұнды әрі қызықты түрде таныстырып, еңбек пен ел болашағының байланысын ашып көрсетті.

Бұл іс-шара жастарды өз мамандықтарына жауапкершілікпен қарауға, еңбекке деген құрметін арттыруға ынталандырды.

Апталық барысында өтетін сайыстар мен шеберлік сабақтары білім мен тәжірибені ұштастырып, жас буынның бойында патриоттық және еңбек рухын оятады деп сенеміз.

Барша қатысушыларға сәттілік тілейміз!