Аудан орталығында Желтоқсан оқиғасының қаһарманы Еламан Әбдіреевті еске алуға арналған аудандық ашық волейбол турнирі өтті.
Турнирге өңірден 9 команда құрамында 100-ге жуық волейболшы қатысып, бақ сынады.
Арал көпсалалы колледж командасы ерлер арасындағы жарыста ІІІ орынды иеленді. Бұл жетістік колледж командасының спортқа деген ынтасын, командалық рухын және жеңіске деген талпынысын тағы бір рет дәлелдеді.
Барлық қатысушыларға спорттық табыс, денсаулық және жаңа жеңістер тілейміз!

