Арал көпсалалы колледжі жастар ұйымының жетекшісі Ережепова Ұлболсын 1-курс студенттерін «Студенттер қатарына қабылдау» мақсатында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Студенттік өмір – жарқын сәттер кезеңі» атты салтанатты кешін ұйымдастырды.
Кеш барысында студенттік ұйымдардың құрамы мен бағыттары жөнінде кеңінен ақпарат берілді. Кештің атмосферасын жандaндырған көңілді әуендер, би көріністері және ұлттық нақыштағы әсерлі күйлер орындалды. Атмосферасы көтеріңкі, мазмұны бай бұл кеш студенттердің колледж өміріне қадам басуын ерекше әрі есте қаларлық мерекеге айналдырды.
Кештің ерекше сәттерінің бірі – бірқатар студенттер колледж директорының
арнайы марапатына ие болуы. Сонымен қатар, Арал аудандық жастар ресурстық орталығының маманы А.Тоқтамысов белсенділік танытып, қоғамдық жұмыстарға үлес қосқан бірқатар колледж студенттері мен жас мамандарын Е.Мыңжасаров, С.Жылдыбаева, Е.Асылбеков, Г.Темірбекқызы, Ұ.Ережепованы «Еріктілер» күніне орай алғыс хаттармен марапаттады.
Кешіміздің жоғары деңгейде өтуіне қолдау көрсеткен З.Шүкіров атындағы мәдениет үйінің директоры М. Нұрмағанбетова ханымға, Арал Жастар ресурстық орталығының маманы А. Тоқтамысов мырзаға, сондай-ақ Арал көпсалалы колледж директоры Н. Әбішов ағайға шынайы алғысымызды білдіреміз!
https://aral-akk.edu.kz/kz/2019-02-15-12-26-50/2019-02-15-12-27-42/526-studenttik-mir-zhar-yn-s-tter-keze-i#sigFreeIdc6c7f83047

