Created: 17 Желтоқсан 2025
45

«Кәсіп – ел тірегі» атты интеллектуалды сайыс өтті

 «Кәсіп – ел тірегі» атты интеллектуалды сайыс өтті
"Еңбек-елдің ертеңі" атты тарих-география пәндер апталығында тарих пәнінің оқытушысы А.Қожамсүгірованың ұйымдастыруымен кәсіби бағдар беруге бағытталған *«Кәсіп – ел тірегі»* атты интеллектуалды сайыс өтті.
 Сайысқа қатысқан студенттер түрлі кезеңдерден өтіп, өз білімдері мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті.  
 Әр кезең – мамандықтар туралы таным, логикалық ойлау мен топпен жұмыс жасауға негізделген тапсырмалармен ерекшеленді.  
 Сайыс барысында жастар кәсіптің қоғамдағы рөлі мен еңбек адамының маңызын терең түсініп, болашақ мамандықтарына деген сенімі нығая түсті.
 Үздік нәтиже көрсеткен командалар марапатталып, белсенді қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.
*Еңбек – елдің ертеңі!*  
Жастарға бағыт беріп, кәсіпке құрмет оятқан бұл шараның маңызы зор болды.