19–23 қаңтар аралығында Арал көпсалалы колледжінде «Кітаппен басталған челлендж» оқу челленджі басталды.
Мақсаты:
Кітап оқу арқылы студенттердің кәсіби қызығушылығын ояту;
Болашақ мамандыққа байланысты білім мен тәжірибе жинауға ынталандыру;
Өзін-өзі дамыту, сыни ойлау және шығармашылық қабілеттерді жетілдіру;
Кітаптан алған идеяларды практикалық жобаларға немесе күнделікті өмірге қолдану дағдыларын дамыту.
Оқу челленджі ашылу барысында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Н. Саудинова студенттерге кітаптың өмірдегі рөлі, кітап оқу арқылы дамудың маңызы туралы қызықты ақпараттар беріп,бейнероликтер көрсетті.
Іс-шара аясында жалпы білім беретін пәндер оқытушылары «Мамандыққа байланысты идеялар» тақырыбында жұмыстар жүргізіп, химия, физика, қазақ тілі, тарих пәндерін студенттердің мамандықтарымен байланыстыра отырып, оларды кітап оқуға қызықтыра білді.
Химия пәнінің оқытушысы Г. Темірбекқызы «Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу» (автор А.С. Кузнецов) оқулығын химия пәнімен байланыстыра түсіндіріп, пәнаралық байланыс арқылы студенттердің қызығушылығын оятты.
Физика пәнінің оқытушысы Г. Жансүгірова студенттерге Бегімхан Жұманов, Гауһар Исаева, Әлібек Файзуллаевтың «Ескі сурет» кітабы аясында «Шал мен кемпір» әңгімесін оқып, қазіргі өмірмен байланыс орнатты: қаржы сауаттылығы, әлеуметтік мәселелер, өмірлік дағдылар туралы студенттермен талдау жүргізіп, кітап оқуға және ой бөлісуге ынталандырды.
Тарих пәнінің оқытушысы А. Қожамсүгірова М. Қойгелдиевтің «Алаш қозғалысы» еңбегін таныстырып, студенттерге ұлттық сана, ел тарихының маңызды идеяларын жеткізді.
Студенттер кітап арқылы кәсіби және рухани дамуға шабыт алды, әдеби, тарихи және мамандыққа байланысты шығармаларға қызығушылығы артты.
Created: 22 Қантар 2026
11


