Балаларға қызмет көрсету бөлімінде жазушы, ақын, ұстаз
Әбдібай Табылдының 100 жылдық мерейтойына орай, жас оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, ұлттық тәрбие мен адамгершілік құндылықтарды насихаттау мақсатында «Балалардың сүйікті жазушысы» атты әдеби серуен ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқырмандарға жазушының өмірі мен шығармашылық жолы туралы мағлұмат беріліп, қаламгердің балаларға арналған шығармаларының кітап көрмесі таныстырылды.
Шараға А. Байтұрсынұлы атындағы бастауыш гимназиясының 4 «Ә» сынып оқушылары қатысты. Балалармен «Жылдам жауап» викторинасы өткізіліп, «Тәрбиелі бала қандай?» тақырыбында ой қозғау жасалды. Қатысушылар жазушы шығармалары бойынша жұмбақтар шешіп, түрлі танымдық тапсырмаларды орындады.
Created: 22 Қантар 2026
5

