«Оқитын студент – бәсекеге қабілетті маман» ашық алаңы
Бүгін колледжімізде тарих пәнінің оқытушысы А.Қожамсүгірованың ұйымдастыруымен студенттерге арналған ашық алаң форматындағы мазмұнды іс-шара өтті.
Мақсаты:
Студенттердің оқу мотивациясын арттыру, оқу мен кәсіби дамуды ұштастыра отырып бәсекеге қабілеттілікті қалыптастыру, өзін-өзі ұйымдастыра білу, сыни ойлау мен шығармашылық қабілеттерді дамыту. Сонымен қатар кітап оқу, зерттеу және тәжірибелік жобалар арқылы болашақ мамандыққа қызығушылық тудыру және топтық, жеке жұмыс арқылы коммуникативтік дағдыларды жетілдіру.
Іс-шара барысында студенттер:
мамандық бойынша слайд қорғады;
кәсіби бағыттағы сұрақтарға жауап берді;
топтық постер қорғады;
болашаққа пайдалы лайфхактарымен бөлісті.
Оқуға саналы көзқараспен қарап, өзін үнемі дамытатын студент қана ертең сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті маман бола алады.
Іс-шара қойылған мақсаттар аясында өтіп, өз нәтижесін берді.

