«Кітаппен басталған челлендж»
Арал көпсалалы колледжінде оқу челленджінің екінші күні аясында арнайы пән оқытушылары Н. Тұрахметов пен Р. Ешмұратова студенттерге арналған мазмұнды танымдық іс-шара ұйымдастырды. Іс-шара барысында ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбаевтың шығармаларындағы тағылымды ойлар тәжірибелік тапсырмалармен ұштастырылып, жан-жақты талдау жүргізілді.
Оқытушылар Абай шығармаларындағы рухани және философиялық ойларды студенттердің қазіргі оқып жатқан «Электр жабдықтары мен желілері» және «Ғимараттарды салу және пайдалану» мамандықтарымен ұштастыра отырып, мазмұнды түрде түсіндірді. Бұл өз кезегінде студенттердің қызығушылығын арттырып, шығармаларды тереңірек түсінуіне ықпал етті.
Іс-шара барысында студенттердің сыни ойлау қабілетін дамытуға, кітап оқуға деген ынтасын арттыруға және рухани құндылықтарды дәріптеуге ерекше мән берілді. Челлендждің екінші күні мазмұндылығымен, тағылымдық мәнімен және тәрбиелік бағыт-бағдарымен ерекшеленді.

