Көңілді үзіліс
«Есте сақтау қабілетін арттыру және дамыту»
«Жасанды интеллект - ғылымдағы жаңа көкжиек» атты "Ақпараттық технологиялар және экономика" пәндер бірлестігі апталығының үшінші күні аясында өндірістік оқыту шебері
М. Аққожаева мен арнайы пән оқытушысы З. Тажибаева студенттерге арналған көңілді үзіліс өткізді.
Бұл үзілістің басты мақсаты - студенттердің есте сақтау қабілетін күшейту, зейінді шоғырландыру, логикалық және алгоритмдік ойлауын ойын арқылы дамыту, ақпаратты тез қабылдауға үйрету, командалық жұмыс пен коммуникацияны нығайту, сондай-ақ IT терминдер мен ұғымдарды ойын форматында бекіту арқылы IT саласына қызығушылығын арттыру.
Қызықты ойындар, жылдам тапсырмалар мен топтық сайыстар арқылы өткен үзіліс студенттерге ерекше әсер сыйлап, белсенділік пен көтеріңкі көңіл күй қалыптастырды.

