Created: 09 Ақпан 2026
6

«Smart студент – smart болашақ»

«Жасанды интеллект – ғылымдағы жаңа көкжиек» пәндік апталығы аясында өндірістік оқу шеберлері Е. Мыңжасаров пен Ұ. Ережепованың ұйымдастыруымен «Smart студент – smart болашақ» атты интеллектуалдық ойын өткізілді.
Ойынның мақсаты:
Жасанды интеллект дәуірінде ойлай алатын, цифрлық ортада еркін бағдарлайтын smart студентті қалыптастыру, көшбасшылық қасиеттерін және командалық рухын дамыту арқылы бәсекеге қабілетті маман тәрбиелеу.
Студенттер «Кибер көшбасшылар» және «Байт батырлары» болып екі топқа бөлініп, үш кезең бойынша бақ сынады:
"IT Blitz" Жылдам сұрақтар
"Қызық екен" Интеллектуалды ойыны
"IT Show" Ситуациялық тапсырмалар
Қатысушылар аудио және видео форматтағы сұрақтарға да мүдірмей жауап беріп, өздерінің білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті. Ойын қорытындысы бойынша «Байт батырлары» тобы жеңіске жетіп, "Ең үздік IT команда" номинациясымен марапатталды.
Шара барысында аудандық Жастар ресурстық орталығының маманы Е. Мақышбаевтың әсем әні кештің көркін аша түсіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй мен ерекше рух сыйлады.
Шара соңында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Р. Жаймақова апталық барысында өткен іс-шараларды қорытындылап, белсенді қатысқан студенттерді марапаттады.
Ал «Жасанды интеллект – жаңа ғылымдағы көкжиек» пәндік апталығы осы мазмұнды әрі әсерлі шарамен өз мәресіне жетті.
Білімді студент – жарқын болашақтың кепілі!