Created: 11 Ақпан 2026
3

Жақсылық жасау – жүректен басталады!

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру аясындағы «Қамқор» жобасы бойынша Арал көпсалалы колледжінің студенттері «Қысқы қайырымдылық» акциясын өткізді.
Қыстың қақаған суығына қарамастан, ерікті студенттеріміз ардагерлердің үй ауласын қардан тазартып, үлкендерге шынайы жанашырлық пен қамқорлық көрсетті.
Осындай игі істер арқылы студенттеріміз «Адал азамат» ұстанымын іс жүзінде дәлелдеп келеді.
Жақсылық көбейе берсін!