Created: 20 Ақпан 2026
2

Облыстық тәжірибе алмасу әдістемелік алаңы

Қызылорда облыстық оқу орталығы (әдістемелік кабинет) «Кәсіптік білім беру» бөлімінің ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының «педагог-зерттеуші» және «педагог-сарапшы» санатындағы педагогтеріне арналған инновациялық тәжірибені таратуға бағытталған облыстық вебинар өтті.
️Вебинардың мақсаты – педагогтер арасында заманауи білім беру тәжірибелері мен тиімді оқыту әдістемелерін жүйелі түрде алмасуға, талдауға және тәжірибеге енгізуге мүмкіндік беретін интерактивті кәсіби қоғамдастық жұмысын жандандыру.
Аталған шараға Арал көпсалалы колледжі физика пәнінің оқытушысы Г.Жансүгірова қатысып, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының инженер-педагогтері арасында өткен «Облыстық тәжірибе алмасу әдістемелік алаңы» аясында «Сабақ барысында қолданылатын тиімді инновациялық әдіс-тәсілдер» тақырыбында өз іс-тәжірибесін сәтті қорғады.
Әріптесімізге шығармашылық табыс тілейміз!