Created: 20 Ақпан 2026
2

Буллингсіз кампус-қауіпсіз және қолдаушы орта

Арал көпсалалы колледжінің педагог-психологі Ф.Усенова мен Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрайымы Ұ.Ережепованың ұйымдастыруымен “Буллингсіз кампус-қауіпсіз және қолдаушы орта” тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырып,колледж студенттеріне өткізді.
Аталған шараға Жастар ресурстық орталығының маманы Ә.Қыдырбаева,”Абай” емханасының психологі А.Берекетовалар қатысты.
Семинар барысында:
*Буллингтің түрлері мен салдары талқыланды
* Қауіпсіз орта құрудың маңызы айтылды
*Студенттер белсенді пікір алмасты.
Мамандар буллингтің алдын алу,психологиялық қолдау көрсету және қауіпсіз орта қалыптастыру жолдары туралы пайдалы ақпараттар ұсынды.
Сонымен қатар,рөлдік жағдайлар қойылып,қатысушы студенттер түрлі жағдаяттарды сахналап көрсетті.Әр топ буллингке қатысты нақты мысалдарды талдап,дұрыс шешім қабылдау жолдарын ұсынды.Бұл әдіс студенттердің мәселені терең түсінуіне және өз көзқарасын ашық білдіруіне мүмкіндік берді.
Бүгінгі семинар студенттердің жауапкершілігін арттырып,қауіпсіз орта қалыптастырудың маңыздылығын дәлелдеді.