ЖЕТІСТІКТЕР ҚОРЖЫНЫ
«ОҚЫТУШЫНЫҢ ЦИФРЛЫҚ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІ: АРНАЙЫ ПӘНДЕРДЕ СМАРТ – САБАҚ ҚҰРАСТЫРУ ТӘЖІРИБЕСІ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ШЕБЕРЛІК САЙЫСЫ ӨТТІ
Облыстық білім беру ұйымдары арасында оқытушылардың кәсіби шеберлігін арттыру, цифрлық құзіреттілігін дамыту мақсатында ұйымдастырылған байқауда қатысушылар өзара бақ сынады.
Сайыс 4 кезең бойынша өткізілді:
️ «Цифрлық портфолио» – қатысушылар өзін заманауи технологиялар мен ЖИ мүмкіндіктерін пайдалана отырып таныстырды
️ «Үздік сабақ фрагменті» – сабақтың қысқаша үзіндісін көрсетіп, жоспарларын қорғады
️ «Цифрлық әдіс-тәсілдер шеберханасы» – арнайы пәнге арналған цифрлық әдістерді тиімді қолдану жолдарын ұсынды
️ «Шығармашыл ұстаз» – қатысушылар шығармашылық қабілеттерін танытты
Байқау нәтижесінде жоғары кәсіби шеберлік көрсеткені үшін
Унайбекова Асылгүл ІІI орынға ие болды.
Бұл жетістік – үздіксіз ізденістің, заманауи білім беру технологияларын меңгерудің және кәсіби біліктіліктің айқын дәлелі.
Жеңімпазымызды шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да толағай табыстар мен шығармашылық жетістіктер тілейміз!
https://aral-akk.edu.kz/kz/2019-02-15-12-26-50/2019-02-15-12-27-42/549-o-ytushyny-tsifrly-zirettiligi-arnajy-p-nderde-smart-saba-rastyru-t-zhiribesi#sigFreeId33b7bdeb44

