Created: 28 Наурыз 2026
11

«AMANAT AI ToT» - ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

«AMANAT AI ToT» - ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

«AMANAT» партиясының бастамасымен, «Kyzylorda Hub» бизнес-инкубаторы және «Daryn Ustaz» педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру орталығының ұйымдастыруымен, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің қолдауымен өткен «AMANAT AI ToT» ауқымды оқыту бағдарламасына Арал көпсалалы колледжінің арнайы пән оқытушысы Унайбекова Асылгүл қатысып, екі күндік интенсивті курсты сәтті аяқтады.

Бағдарлама барысында:
️ Жасанды интеллекттің заманауи мүмкіндіктері меңгерілді
️ Нейрожелілермен жұмыс жасау дағдылары дамытылды
️ Генеративті ЖИ құралдарын тиімді қолдану жолдары үйренілді
️ Training of Trainers () форматы аясында білімді жастарға түсінікті жеткізу әдістері қарастырылды
Оқу қорытындысы бойынша арнайы сертификат табысталды.
Алдағы уақытта алған білімін өңір жастарының цифрлық сауаттылығын арттыруға бағыттайды деген сенім мол.